«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 28.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 16 сәуірден 2019 жылғы 16 шілдеге дейін ұзартылсын:
- Алматы қаласының, «Scientia Kazakhstan» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 16 сәуірдің № КZ.П.02.1485 аккредиттеу аттестаты);
- Павлодар облысының, Павлодар қаласының, Жетекші ауылы, «Павлодаргидрогеология» ЖШС химиялық зертханасы (2014 жылдың 16 сәуірдеің № KZ.И.14.0299 аккредиттеу аттестаты);
- Батыс Қазақстан облысының, Ақсай қаласының, Бөрлі ауданы, «Батыс өндіріс-құрылыс сервисі» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 16 сәуірдеің № КZ.П.09.1484 аккредиттеу аттестаты);
- Атырау облысының, Вахталық қалашықтың, Карабатано станциясы «Теміржол құрылыс-Атырау» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 16 сәуірдеің № KZ.И.06.0311 аккредиттеу аттестаты);
- Орал қаласының, Зачаганск кенті «Батыс Қазақстан Құрылыс Материалдарының Корпорациясы» АҚ сынақ зертханасы (2014 жылдың 16 сәуірдеің № KZ.И.09.0287 аккредиттеу аттестаты);
- Алматы қаласының, «Центр экспертизы (испытаний) и сертификации пиротехнических изделий (ЦЭкСПИ)» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 16 сәуірдеің № KZ.T.02.0284 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқарма төрағасының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

