«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 28.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 15 мамырдан 2019 жылғы 15 тамызға дейін ұзартылсын:
- Алматы қаласының, «Казахстанский центр технической экспертизы и сертификации эскалаторов и лифтов» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 15 мамырдың № KZ.И.02.0216 аккредиттеу аттестаты);
- Алматы қаласының, «КАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС сынақ зертханасы, 9.11.2018 жылдың аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР бойынша қосымшасының «көлік құралдарының дөңгелектері» өнімдері бойынша бөлігі уақытша жарамсыз (2014 жылдың 15 мамырдың № KZ.Т.02.0360 аккредиттеу аттестаты);
- Алматы қаласының, «КАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органы, 27.04.2018 жылдың аккредиттеу саласының цемент өнімдері бойынша бөлігі уақытша жарамсыз және 9.11.2018 жылдың аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР қосымшасының «көлік құралдарының дөңгелектері» өнімдері бойынша бөлігі уақытша жарамсыз (2014 жылдың 15 мамырдың № KZ.О.02.0361 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқарма төрағасының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

