«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 28.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 05 наурыздан 2019 жылғы 05 маусымға дейін ұзартылсын:
Астана қаласының, «ИНФРАДИН» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 05 наурыздың № KZ.П.01.0213 аккредиттеу аттестаты);
Қостанай қаласының, «Производственно-коммерческая фирма «Теплосервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылғы 05 наурыздың № KZ.П.11.0348 аккредиттеу аттестаты);
Степногорск қаласының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша филиалының Степногорск қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы (2014 жылғы 05 наурыздың № KZ.T.03.1477 аккредиттеу аттестаты);
Көкшетау қаласының, «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Көкшетау электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылғы 05 наурыздың № KZ.P.03.0280 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқарма төраға орынбасарының міндетін атқарушысы С.Ш. Құрманғалиев жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

