«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 03 ақпаннан 2019 жылғы 03 мамырға дейін ұзартылсын:
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының сынақ зертханасы (2014 жылғы 03 ақпаннан № KZ.И.16.0263 аккредиттеу аттестаты);
Қостанай қаласының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының сынақ орталығы (2014 жылғы 03 ақпанның № KZ.T.11.0264 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқарма төраға орынбасарының міндетін атқарушысы С.Ш. Құрманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

