«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2018 жылғы 25 қазаннан 2019 жылғы 25 қаңтарға дейін ұзартылсын:
Атырау қаласы, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалының салыстырып тексеру зертханасы (2013 жылғы 25 қазандағы № KZ.П.06.0205 аккредиттеу аттестаты);
Қараганды қаласы, «Караганда-Стандарт» ЖШС сынақ зертханасы (2013 жылғы 25 қазандағы № КZ.И.10.1436 аккредиттеу аттестаты);
Алматы қаласы, «Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институты» ЖШС экологиялық мониторинг зертханасы (2013 жылғы 25 қазандағы № КZ.И.02.1434 аккредиттеу аттестаты);
Қарағанды қаласы, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қарағанды филиалының «Бұзбай бақылау және автокөлік құралдары» сынақ зертханасы (2013 жылғы 25 қазандағы № KZ.И.10.0212 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың Бірінші орынбасары С.Ш. Құрманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

