«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2018 жылғы 25 желтоқсаннан 2019 жылғы 25 наурызға дейін ұзартылсын:
Өскемен қаласының, «ЛАБОРАТОРИЯ-АТМОСФЕРА» ЖШС бұзбайтын бақылау сынақ зертханасы (2013 жылғы 25 желтоқсанның № КZ.И.07.0215 аккредиттеу аттестаты);
Қызылорда қаласының, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының салыстырып тексеру зертханасы (2013 жылғы 25 желтоқсанның № KZ.P.12.0234 аккредиттеу аттестаты);
Өскемен қаласының, «Сынақ зертханасы «НПО «ВК-ЭКО» ЖШС сынақ зертханасы (2013 жылғы 25 желтоқсанның № KZ.И.07.0222 аккредиттеу аттестаты);
Орал қаласының, «Уральскводстрой» АҚ сынақ зертханасы (2013 жылғы 25 желтоқсанның № KZ.T.09.0238 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың Бірінші орынбасары С.Ш. Құрманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

