«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 20.02.2015 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2018 жылғы 11 қазаннан 2019 жылғы 11 қаңтарға дейін ұзартылсын:
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Әлібекмола кен орны, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, газды кәдеге жарату кешенінің пайдалану бөлімінің сынақ зертханасы (2013 жылғы 11 қазандағы № КZ.И.05.1428 аккредиттеу аттестаты);
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «Шығыс-Курылыс-Жоба» ЖШС сынақ зертханасы (2013 жылғы 11 қазандағы № KZ. T.07.1429 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың Бірінші орынбасары С.Ш. Құрманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

