«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Ұлытау облысы Жезқазған қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 04 желтоқсандағы №6212-25-00-3/1518 қаулысына, Ұлытау облысы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 09 қаңтардағы №6200-25-00-3а/117 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің филиалының 2024 жылғы 25 қаңтардағы № KZ.Т.18.2076 аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 09 шілдеге дейін тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

