Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және 2018 жылғы желтоқсан айының 26 күнгі №75 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтау қ. «Казпромавтоматика» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2016 жылдың маусым айының 07 күні берілген № KZ.П.13.1148 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «иондандырылған сәуле шығару өлшемдері» бойынша бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

