Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және апелляциялық комиссияның төрағасы В.А. Томасевичтың 2019 жылдың мамыр айының 28 күнгі қызметтік хатының негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ң Басқарма төрағасының 2019 жылғы мамыр айының 03 күнгі №АО-19-05/16 «Алматы қ., «Центр сертификации продукции, услуг» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу саласының тамақ өнімдерін сынау бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылу туралы» бұйрығына өзгерту енгізілсін:
бұйрықтын атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Алматы қ., «Центр сертификации продукции, услуг» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу саласының Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 033/2013) техникалық регламенті бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылу туралы»
бұйрықтын 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Алматы қ., «Центр сертификации продукции, услуг» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2016 жылдың сәуір айының 29 күні берілген
№KZ.И.02.0054 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 033/2013) техникалық регламенті бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.».
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

