«ҰАО» ЖШС-ң аккредиттеу Комиссиясының аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша 2019 жылғы қаңтар айының 31 күнгі №8 хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. «ҰАО» ЖШС бас директорының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 19-01/2А «Алматы қ., «Cosmomed» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу саласының жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сынау бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылу туралы» бұйрығына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтын атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Алматы қ., «Cosmomed» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу саласының ведомствалық мақсаттағы (әскери қызметтекрлерге арналған) киім өнімдерін сынау бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылу туралы»
1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Алматы қ., «Cosmomed» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2015 жылдың мамыр айының 22 күні берілген № KZ.И.02.0738 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының ведомствалық мақсаттағы (әскери қызметтекрлерге арналған) киім өнімдерін сынау бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын»
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

