«ҰАО» ЖШС-ң Басқарма төрағасының орынбасарының м.а. А.А. Мусиннің 2019 жылдың 23 қаңтар айындағы қызметтік хатының негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. «ҰАО» ЖШС бас директорының 2019 жылғы 09 қаңтардағы № 19-15ө «Ақтау қ., «Казпромавтоматика» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу саласының «иондандырылған сәуле шығару өлшемдері» бойынша бөлігін қайта жаңғырту туралы» бұйрығына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Бұйрықтын атауын келесі редакцияда жазылсын:
«Ақтау қ., «Казпромавтоматика» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу саласының «иондандырылған сәуле шығару өлшемдері» бойынша бөлігін қайта жаңғырту және аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу туралы»
Келесі мазмұндағы 1.1. тармақшасымен толықтырылсын:
«1.1. Аккредиттеу саласының қысқартылуына байланысты Ақтау қ. «Казпромавтоматика» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2016 жылдың маусым айының 07 күні берілген № KZ.П.13.1148 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін»
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

