Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 20-бабы 4-тармағы 7) тармақшасына, 26-бабының 5-тармағы 2) тармақшасына, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай қаласындағы Аумақтық Филиалы 2018жылғы 12 қазаңдағы № 04-04/152И-пост аккредиттеуден кейінгі келісім шарттарының қызметі тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай қаласындағы Аумақтық Филиалы 2018 жылғы 12 қазаңдағы KZ.T.11.0232 аккредиттеу аттестаты қолданысы тоқтатылсын.
3. Ақпаратпен қамтамасыз ету және жиынтық талдау бөліміне сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны веб-сайтқа орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

