Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша 2019 жылғы қаңтар айының 10 күнгі №2 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде келесі ұйымдар:
"NVI Services" ЖШС-ң (жылжымалы) бұзбай бақылау зертханасы, Алматы қ;
"ИЛСК "СейсмоКурылысСтандарт" ЖШС-ң СЗ, Алматы қ;
«Жаикмунай» ЖШС-ң Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орнының газды кешенді дайындау қондырғысы СЗ, Орал қ., Зеленовский ауданы.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 аккредиттеу саласының қысқартылуына байланысты:
«Экосервис-С» ЖШС-ң СЗ, Алматы қ.
2.2 тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты:
«Прикаспийский центр сертификации» ЖШС-ң МЖ СРО, Ақтау қ.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
3.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

