Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша 2019 жылғы қаңтар айының 15 күнгі №3 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Шымкент қ., «КазСтройЛаб» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2015 жылдың сәуір айының 03 күні берілген № KZ.Т.16.1595 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «топырақ» объектісі бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3.Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

