«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 20 ақпаннан 2025 жылғы 20 мамырға дейін ұзартылсын:
- № KZ.P.15.1557 аккредиттеу аттестаты, «ГазМонтажПоверка» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Петропавл қ.;
- № KZ.A.01.0602 аккредиттеу аттестаты, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК өлшеулерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын метрологиялық қызметі, Астана қ.;
- № KZ.T.11.0510 аккредиттеу аттестаты, «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ Қостанай филиалы сынақ орталығы, Қостанай қ.;
- № KZ.P.14.0336 аккредиттеу аттестаты, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Павлодар сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар қ.;
- № KZ.P.11.0346 аккредиттеу аттестаты, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қостанай сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы, Қостанай қ.
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

