«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармақтың 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаментіне «ҚазСуШар» ШЖҚ РМК «Су-метрология» филиалының Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары Комитетінің салыстырып тексеру зертханасының 2018 жылғы 16 мамырдағы № KZ.P.16.1367 аккредиттеу аттестаты 2023 жылдың 28 мамырға дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК -ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру туралы аккредиттеу субъектісіне хабарлама жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары М.К. Айтышевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

