Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына және 2018 жылдың қараша айының 01 күнгі №63 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «М. Тынышпаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ-ң экологиялық қауіпсіздік және еңбек жағдайларын бағалау сынақ зертханасының 2015 жылдың тамыз айының 14 күні берілген № KZ.И.02.1637 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін және аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін және берілсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

