Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы қазан айының 30 күнгі
№ 61 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес сынақ зертханасы (әрі қарай – СЗ) ретінде Атырау қаласы «Атырау Құрылыс Материалдарын Сертификаттау және Сынау компаниясы» ЖШС аккредиттелсін.
2. Келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімделсін:
2.1 аккредиттеу саласының кеңейтілуіне байланысты:
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринарлық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Семей өңірлік филиалының сынақ зертханасы, ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
3.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

