Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сай және 2018 жылдың қазан айының 04 күнгі №52 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Павлодар қаласы, «ТҰЛПАР» Автотехникалық құралдар мамандандырылған сынақ орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № KZ.И.14.0117 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының автокөлік құралдары бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін және аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін және берілсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

