Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына және 22-бабының 1 тармағының 3)-ші тармақшасына сәйкес және 2018 жылдың қазан айының 24 күнгі №59 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «AVTOLUCKS DELIVERY KZ», ЖШС-ң сынақ зертханасының 2014 жылғы 16 сәуір күні берілген № KZ.И.02.1481 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын.
2. Алматы қ., «AVTOLUCKS DELIVERY KZ» ЖШС-ң сынақ зертханасының атауы Алматы қ., «NVI Services» ЖШС-ң сынақ зертханасына өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін және аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін және берілсін.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті және жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

