Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы қазан айының 24 күнгі
№ 59 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімделсін:
1.1 аккредиттеу саласының кеңейтілуіне байланысты:
"САПА-2020" ЖШС-ң СЗ, ОҚО, Мақтаарал ауданы, Мырзакент а.;
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» РММ-ң зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің СЗ, Павлодар қ.;
"Капитель Сапа Инжиниринг" ЖШС-ң СЗ, Алматы қ.;
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ң «Жол диагностикалық орталығы» филиалының Алматы СТЗ;
"Востокэнергосервис" ЖШС-ң СТЗ, Өскемен қ.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
2.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

