Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы қазан айының 18 күнгі №57 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Костанай қ., «ГЭСПОЛ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылдың желтоқсан айының 03 күні берілген № KZ.П.11.0913 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының иондаушы сәулеленуді өлшеу бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

