Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы қазан айының 16 күнгі №56 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Павлодар қ., «Иритыш-Стандарт» ЖШС-ң сараптау және сертификаттау ғылыми-тәжірибелік орталығы сәйкестікті растау жөніндегі органының 2014 жылдың қазан айының 20 күні берілген № KZ.О.14.0496 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының мұнай» және «отын шикізаттары» бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

