Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы қазан айының 16 күнгі
№ 56 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі зертханалар аккредиттелсін.
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде:
«KARLSKRONA LC AB» ЖШС-ң зауыттық зертханасы, Шымкент қ.;
Алматы қ., «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ң сынақ орталығы
«Атмосфера» ЖШС-ң экология-аналитикалық зертханасы, Алматы қ.;
«ИЛИН» ЖШС-ң «ЭкоЛИС» СЗ, Лисаковск қ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің акредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
2.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
ИЛ ТОО «СПФ Монтажспецстрой», г.Кызылорда.
3. Астана қ., «G-Certico» G-C ЖШС-ң МЖ СРО-ң ГОСТ ISO 13485-2017 стандартына ауысуы ескерілсін және аккредиттеу саласы қайта бекітілсін.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

