Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы қазан айының 10 күнгі
№ 54 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі зертханалар аккредиттелсін.
1.1 салыстырып тексеру зертханасы (әрі қарай - СТЗ) ретінде:
«МонтажЭнерго+» ЖШС-ң СТЗ, Орал қ.;
«ГАЗГИДРОЭЛ» ЖШС-ң СТЗ, Қараганды қ.
1.2 калибрлеу зертханасы (әрі қарай – КЗ) ретінде:
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң (ҰССО) Талдықорған филиалының салыстырып тексеру және метрологиялық өлшеулер бөлімінің КЗ, Талдықорған қ.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 талаптарына сәйкес медициналық зертханасы (әрі қарай - МЗ) ретінде ҚР ДСМ-ң Павлодар облысы бойынша ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң филиалының МЗ.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің акредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
3.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Ақтау қ., «СЖС Қазақстан ЛТД» ШК ЖШС-ң мұнай сынау зертханасы СЗ-ң «Прорва» кен орынындағы «СЖС Қазақстан ЛТД» ШК ЖШС-ң мобильді СЗ бөлімі соның ішінде.
«Медицинская Метрологическая Компания» ЖШС-ң СТЗ, Алматы қ.
3.2 «СЕРКОНС» ЖШС-ң СРО-ң тұрғылықты мекен жайының өзгеруіне байланысты.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

