Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы қазан айының 11 күнгі
№ 55 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі зертханалар аккредиттелсін.
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде:
«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-ң сапаны бақылау бөлімінің СЗ, Қарағанды қ.
«Опреснительный завод «Каспий» ЖШС-ң СЗ, Ақтау қ.;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ң «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының «Радиациялық қауіпсіздік орталығы» сынақ орталығы, Курчатов қ., ШҚО.
ҚР ДСМ-ң Қостанай қаласындағы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптаудың ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ң территориалды филиалының СЗ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің акредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
2.1 тұрғылықты мекен жайының өзгеруіне байланысты:
Қарағанды қ., «Растама-Серт» ЖШС-ң МЖ СРО, Қарағанды қ.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
3.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

