Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының 12 бабының 8 тармағына сәйкес және 2018 жылғы қазан айының 05 күнгі №53 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Қарағанды қ., «КазСертТест» ЖШС-ң сәйкестікті растау органының 2018 жылдың сәуір айының 06 күні берілген № KZ.О.10.0839 аккредиттеу аттестаты кері қайтарылып алынсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

