Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алматы қаласындағы «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығындағы» ШЖҚ РМК-ң «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» филиалының сынақ орталығының аккредиттеу саласының өнімдерінің (объектілерінің) атаулары прекурсорларды пайдалануды талап ететін өнімдер (объектілер) сипаттамалары (көрсеткіштері) бөлігі уақытша жарамсыз деп танылуы туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы қыркүйек айының 27 күнгі №49 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алматы қаласындағы «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығындағы» ШЖҚ РМК-ң «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» филиалының сынақ орталығының (аккредиттеу аттестаты 2015 жылдың қазан айының 13 күні берілген № KZ.Т.02.0923) аккредиттеу саласының өнімдерінің (объектілерінің) атаулары, прекурсорларды пайдалануды талап ететін өнімдер (объектілер) сипаттамалары (көрсеткіштері) бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

