Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы қыркүйек айының 11 күнгі № 46 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі зертханалар аккредиттелсін.
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде:
«Заман Квантор» ЖШС-ң ББСЗ, Атырау қ.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 талаптарына сәйкес келесі зертханалар аккредиттелсін.
2.1 медициналық зертханасы (әрі қарай - МЗ) ретінде:
«INVIVO» ЖШС-ң клиникалық диагностикалық зертханасы автоматтандырылған жүйелер блогы, Алматы қ.
«МЫРЗА-ХАН» ЖШС Қостанай филиалының «ОЛИМП» клиникалық диагностикалық зертханасы/медициналық зертханасы, Қостанай қ.
3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы (әрі қарай – МЖ СРО) ретінде ISO/IEC 17021-1:2015 талаптарына сәйкес «Центр сертификации InterCert» ЖШС-ң МЖ СРО, Алматы қ..
4. ҚР СТ ISO 14065-2016 талаптарына сәйкес Парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі орган ретінде «Экологическая безопасность» ЖШС-ң ВО, Алматы қ., аккредиттелсін.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
5.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

