Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы желтоқсан айының 04 күнгі
№ 70 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі кәсіпорындар аккредиттелсін:
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде «АЛТАЙТЕХЭНЕРГО» ЖШС-ң СЗ, Өскемен қ.
1.2 салыстырып тексеру зертханасы (әрі қарай - СТЗ) ретінде «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң СТЗ, Ақтау қ.
2. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы (әрі қарай – МЖ СРО) ретінде ISO/IEC 17021-1:2015 талаптарына сәйкес Павлодар қ, "Региональный научно-практический центр "Система" ЖШС-ң МЖ СРО аккредиттелсін
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің акредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
3.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
ҚР ЭМ-ң «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Маңғыстау облысы бойынша филиалының «Ақтау теңіз порты» ЕЭА экология бекетінің СЗ.
3.2 аккредиттеу саласының қысқартылуына байланысты:
«Диагностик Стандарт Экспертиза» ЖШС-ң СТЗ, Алматы қ.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

