Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және 2018 жылғы 28 қараша № 69 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қаласы, «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-нің сынақ зертханасының 2016 жылғы 02 ақпандағы № KZ.И.02.1134 аккредиттеу саласының «су және жер қыртысының радиоактивтілік көрсеткіштері» бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

