Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы қараша айының 28 күнгі №69 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қ., " Бюро Веритас Казахстан Индастриал Сервисез " ЖШС-ң сынақ зертханасының 2015 жылдың қазан айының 02 күні берілген
№ KZ.И.01.1651 аккредиттеу аттестаты қайтарып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

