Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы қараша айының 28 күнгі
№ 69 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде Атырау қ, «Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты» ЖШС-ң аналитикалық зерттеулер Департаментінің СЗ аккредиттелсін.
2.ҚР СТ ISO 15189-2015 талаптарына сәйкес медициналық зертханасы (әрі қарай - МЗ) ретінде келесі кәсіпорындар аккредиттелсін:
2.1 Алматы қ., «А.Н. Сызғанов атындағы хирургия Ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ң клиникалық-диагностикалық зертханасы;
2.2 Ақтөбе облысы бойынша ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң филиалының МЗ ;
3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы (әрі қарай – МЖ СРО) ретінде ISO/IEC 17021-1:2015 талаптарына сәйкес Ақтау қ, «Прикаспийский центр сертификаии» ЖШС-ң МЖ СРО аккредиттелсін
4. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес сәйкестікті растау жөніндері орган ретінде (әрі қарай - СРО) Өскемен қ., «Полисертико» ЖШС-ң СРО аккредиттелсін.
5. Келесі аккредиттеу субъектілерінің акредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
5.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Ақтөбе қ, ҚР ДСМ-ң Ақтөбе облысы бойынша ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң филиалының СО;
«САПА ИНТЕРСИСТЕМ» ЖШС-ң СО, Алматы қ.
5.2 аккредиттеу саласының қысқартылуына байланысты:
«Карачаганак Партнер» ЖШС-ң СЗ, Орал қ.
5.3 «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС-ң СРО-ң тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты;
5.4 Орал қ., «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КАҚ биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми-зерттеу институтының СО-ң атауы Орал қ., «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КАҚ ғылым Басқармасының СО атауына өзгертілуіне байланысты.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
6.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

