Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы қараша айының 16 күнгі
№ 67 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі зертханалар аккредиттелсін.
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде Павлодар қ., «Incom company» ЖШС-ң бұзбай бақылау зертханасы;
1.2 салыстырып тексеру зертханасы (әрі қарай – СТЗ) ретінде «Транс-Тахограф KST» ЖШС-ң СТЗ.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 талаптарына сәйкес медициналық зертханасы (әрі қарай - МЗ) ретінде Орал қ., БҚО әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасының «Облыстық консультативті-диагностикалық орталығы» ШЖК МҚК-ң Клиникалық диагностикалық зертханасы аккредиттелсін.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің акредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
3.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты ҚР ИДМ-ң ТРжМК-ң «Қазақстан метрология институты» ШЖҚ РМК-ң СТЗ.
3.2 тұрғылықты мекен-жайларының өзгеруіне байланысты «Проливная система» ЖШС-ң СТЗ атауының «Проливная система» ЖШС-ң жылжымалы СТЗ атауына өзгеуіне байланысты.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

