Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы қараша айының 08 күнгі №65 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «КАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС-ң сынақ орталығының 2014 жылдың мамыр айының 15 күні берілген №KZ.T.02.0360 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР бойынша қосымшасының «көлік құралдарының дөңгелектері» өнімдері бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерге және уәкілетті органға хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

