Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы қараша айының 09 күнгі
№ 66 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі зертханалар аккредиттелсін.
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде
«Строительная Независимая Лаборатория» ЖШС-ң СЗ, Ақмола облысы, Көкшетау қ.;
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КАҚ «Химиялық синтез және мұнай өндіру» СЗ, Алматы қ.;
«Проммашкомплект» ЖШС-ң бұзбай бақылау СЗ, Екібастұз қ.
2. Инспекциялық органы ретінеді ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 талаптарына сәйкес Астана қ., «NDT Инжиниринг» ЖШС-ң, инспекциялық органы аккредиттелсін.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің акредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
3.1 тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты лаборатории «Аналитика» ЖШС-ң (жылжымалы және стационарлық) СЗ, Ақтау қ.
3.2 мекен-жайларының атауының өзгеруіне байланысты «R.S. Project Engineering» ЖШС-ң СЗ, Алматы қ.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

