Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес және 2018 жылғы қараша айының 08 күнгі
№ 65 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 талаптарына сәйкес келесі зертханалар аккредиттелсін.
1.1 сынақ зертханасы (әрі қарай - СЗ) ретінде
«Казахойл Актобе» ЖШС-ң газды қайта өңдеу кешенін пайдалану Бөлімінің СЗ, Ақтөбе қ.;
ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-ң «Технология және биопрепараттарды бақылау» СЗ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қала үлгісіндегі кент;
«Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институты» ЖШС-ң экологиялық мониторинг зертханасы Алматы қ.
1.2 салыстырып тексеру зертханасы (әрі қарай – СТЗ) ретінде
«Техно прибор Сервис» ЖШС-ң СТЗ, Тараз қ.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 талаптарына сәйкес медициналық зертханасы (әрі қарай - МЗ) ретінде келесі кәсіпорындар аккредиттелсін
ҚР ДСМ-ң «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ң «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы (ортал ығы) МЗ, Алматы қ.
Алматы облысы бойынша ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң филиалының МЗ, Талдықорған қ.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің акредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
3.1 аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Везерфорд-КЭР» ЖШС-ң СЗ, Ақтау қ.;
Қостанай облысы бойынша ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ң филиалының СО, Қостанай қ.;
«Аксай железо-бетон» ЖШС-ң СЗ, Ақсай қ.;
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Талдықорған филиалының салыстырып тексеру және метрология өлшемдері бөлімінің СТЗ, Талдықорған қ.
3.2 тұрғылықты және заңды мекен-жайларының өзгеруіне байланысты «Smart Sustainable Development Consulting» ЖШС-ң парник газдарын валидациялау және верификациялау жөніндегі орган, Астана қ.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттарға қол қойылсын.
4.1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және ЖШС-нің веб-сайтқа тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

