«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылсын:
- «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Ақкөл филиалының сынақ зертханасы (2015 жылдың 1 сәуірдегі № КZ.Т.03.0670 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Орал қаласындағы қоршаған орта жағдайын мониторингтеу кешенді зертханасы (2015 жылдың 1 сәуірдегі № КZ.И.09.1593 аккредиттеу аттестаты).
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 3 сәуірден 2020 жылғы 3 шілдеге дейін ұзартылсын:
- «Перспектива КАН» ЖШС сынақ зертханасы (2015 жылдың 3 сәуірдегі № KZ.T.09.0637 аккредиттеу аттестаты);
- «Certification center» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы (2015 жылдың 3 сәуірдегі № KZ.Q.01.0994 аккредиттеу аттестаты);
- «Алматы Сертификаттау Бюросы» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы (2015 жылдың 3 сәуірдегі № KZ.Q.02.0740 аккредиттеу аттестаты);
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 3 сәуірдегі № KZ.Р.05.0733 аккредиттеу аттестаты);
- «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ «Сарыбай жүйеаралық электр тораптары» филиалының салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 3 сәуірдегі № KZ.П.11.0685 аккредиттеу аттестаты).
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 10 сәуірден 2020 жылғы 10 шілдеге дейін ұзартылсын:
- «Казахстанский центр качества» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган (2015 жылдың 10 сәуірдегі № KZ.Q.02.0729 аккредиттеу аттестаты);
- «ЭКОЭКСПЕРТ» ЖШС жылжымалы/стационарлық сынақ орталығы (2015 жылдың 10 сәуірдегі № KZ.T.10.0716 аккредиттеу аттестаты).
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 17 сәуірден 2020 жылғы 17 шілдеге дейін ұзартылсын:
- «Асфальтобетон 1» ЖШС сынақ зертханасы (2015 жылдың 17 сәуірдегі № KZ.И.02.0783 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС сынақ зертханасы (2015 жылдың 17 сәуірдегі № KZ.И.05.0715 аккредиттеу аттестаты).
5. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 24 сәуірден 2020 жылғы 24 шілдеге дейін ұзартылсын:
- Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Астана су арнасы» РМК ауыз судың, су көздерінің және минералды судың сапасын бақылау жөніндегі сынақ зертханасы (2015 жылдың 24 сәуірдегі № KZ.И.01.0753 аккредиттеу аттестаты);
- «Өскемен ЖЭО» ЖШС метрологиялық қызметінің салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 24 сәуірдегі № KZ.Р.07.0655 аккредиттеу аттестаты);
- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 24 сәуірдегі № KZ.Р.02.0695 аккредиттеу аттестаты).
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

