«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 30 желтоқсаннан 2026 жылғы 30 наурызға дейін ұзартылсын:
1) Павлодар қ., «ПавлодарЭнергоСервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.14.0901 аккредиттеу аттестаты;
2) Қызылорда қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша филиалы медициналық зертханасының № KZ.M.12.1633 аккредиттеу аттестаты;
3) Талдықорған қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша филиалы сынақ орталығының № KZ.T.04.0758 аккредиттеу аттестаты;
4) Өскемен қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы сынақ орталығының № KZ.T.07.0927 аккредиттеу аттестаты;
5) Степногорск қ., «Степногорск мойынтірек зауыты» АҚ сынақ орталығының № KZ.T.03.1746 аккредиттеу аттестаты;
6) Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Ақтөбе облыстық филиалы сынақ зертханасының № KZ.T.05.0781 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 30 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

