«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2026 жылғы 05 маусымдағы № 267500610000016 қаулысымен сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне «Scientia Kazakhstan» ЖШС-не берілген № KZ.Р.02.1485 аккредиттеу аттестаты саласының 17-тармағында көзделген, жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнетіркеу функциясы бар радиолокациялық көлік құралдарының жылдамдығын өлшегіштерді тексеру жөніндегі қызметтің кіші түрі бойынша қолданылуы 2026 жылғы 15 маусымнан 2026 жылғы 15 желтоқсанға дейін 6 ай мерзімге тоқтатылғаны туралы мәліметтерді енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
