«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 267500610000103 қаулысымен сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне «Компания ECOS» ЖШС-не берілген № КZ.P.02.Е1137 аккредиттеу аттестатының қолданылуын физика-химиялық өлшемдердің өлшем құралдарын – деммен шығарылатын ауаны алкогольге бақылау аспаптарын (алкотестерлерді) салыстырып тексеру жөніндегі жұмыстарды жүргізу бөлігінде 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап 2027 жылғы 10 наурызға дейін 6 ай мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

