«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 267500610000077-267500610000086 қаулысымен сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне «QAZ EXPERT SM» ЖШС-не берілген № КZ.P.02.2578 аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 03 шілдеден бастап 2027 жылғы 03 қаңтарға дейін 6 ай мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
