«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 263100610000011 қаулысымен және Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2026 жылғы 16 қазандағы № 3116-26-00-3ж/304 қаулысымен сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы «НұрТұрсын» ЖШС-не берілген KZ.Т.08.E1248 аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 26 қазаннан бастап 2027 жылғы 26 сәуірге дейін 6 ай мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

