«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Павлодар облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 245500610000012 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы «Специализированный испытательный центр автотехнических средств «ТУЛПАР»» ЖШС сынақ зертханасының 2022 жылғы 10 ақпандағы № KZ.T.14.E0819 аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 21 маусымға дейін тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

