Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 363 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «ҰАО» РМК Бас директорының Бірінші орынбасарының «Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы» 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 1664-ОД бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Атырау қ., «Атырау Жарык» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы;»
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК аппарат басшысы А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1778-ОД 25.12.2025 ж. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК Бас директорының Бірінші орынбасарының «Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы» 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 1664-ОД бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

