«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі сотының 2025 жылғы 25 маусымдағы №5213-25-00-3/8746 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы «Туркестан KZ» ЖШС сынақ зертханасының 2024 жылғы 25 шілдедегі № KZ.T.16.2729 аккредиттеу аттестатының «Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 018/2011 техникалық регламенті бойынша аккредиттеу саласында айыру туралы мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аттестаттан айыруға қатысты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы хабарлама жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

