Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22-бабының 7-тармағына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 57-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Шымкент қ., «ПРОБИРНАЯ ОЦЕНОЧНАЯ ПАЛАТА «BARS»» ЖШС сынақ зертханасының мекенжай атауының өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеуден бас тартылсын.
2. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК аппарат басшысы М.Б. Копабаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

