«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына Техникалық реттеу және Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 3580-25-00-3/11344 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
«ҰАО» РМК Бас директорының оранбасары «Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы» 2026 жылғы 11 қарашадағы № 1719-ОД бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгерту енгізілсін:
бұйрықтың 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Мониторинг және талдау басқармасы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Қарағанды филиалына берілген № KZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының (Құрылыс өнімдері аттестатына № 1 қосымшаның 9-тармағы) әрекетін, атап айтқанда аккредиттеу саласының 366-тармағы бөлігінде (табиғи тастан жасалған сәндік, қаптауыш плиталар, табиғи тастан жасалған қаптауыш, борт тастары) аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 9 қыркүйектен 2027 жылғы 9 наурызға дейін 6 ай мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін».
-
Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
-
Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

