«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтөбе қ., «Гигиенист VII» ЖШС сынақ зертханасының 2021 жылғы 15 қарашадағы № KZ.T.05.E0672 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 15 қарашадан бастап қайта аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін, бірақ 2027 жылғы 15 ақпаннан аспайтын мерзімге ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 15 қарашадан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

